АЛМАТЫ, 1 сәуір — Sputnik. Мәскеуде өткен халықаралық конференцияда РФ ІІМ басқармасының бастығы Олег Ильиных Ислам мемлекеті* ТМД елдеріне қарай ойысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол террорлық ұйымның алдағы жоспарына қатысты болжам жасаған.
"Халифат Сирия мен Иракта стратегиялық жеңіліске ұшырады. Бұл Ислам мемлекетінің* енді Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Армения сынды мемлекеттерге қарай ойысуына әкеліп соғуы мүмкін", - деді Олег Ильиных.
Оның айтуынша, Ресейде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" тобы өз идеяларын барша әлемге таратуды көздейді.
*Ислам мемлекеті, ИГИЛ — Қазақстанда және басқа да бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым.