22:35 20 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Жүкті

Қырғызстанда туған әкесі зорлап, жүкті қылған жасөспірім қыз босанды

CC0 / Khusen Rustamov
Азияда
Қысқа сілтеме алу
384910

Жас ана сәбиінен бас тартты, қазір нәресте перзентхананың жансақтау бөлімінде

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Ош қаласындағы перзентханалардың бірінде туған әкесінен жүкті болған 15 жастағы қыз босанды. Бұл туралы "Ак журок" дағдарыс орталығының басшысы Дарика Асылбекова хабарлады, деп жазады centralasian.org.

"Мерзімінен бұрын толғағы басталып, шұғыл операция жасауға тура келді. Жас босанған қыз баласынан бас тартты, перзентханаға тастап кетпек. Туыстары да бұл шешімін құптап отыр. Қыз бала кәмелеттік жасқа толмаған, оны дағдарыс орталығына алып кетеміз", - деді Асылбекова.

Перзентхана дәрігерлерінің айтуынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Кейін оңалту орталығына жіберіледі.

Жасөспірімнің анасы 2013 жылы сырқатынан қайтыс болыпты. Ол бауырларымен бірге әкесінің қолында тұрады, мектепке бармайды екен.

2019 жылдың 20 қаңтарында әкесі қызды зорлады деген күдікпен ұсталды. Қырғызстан милициясының мәліметінше, ер адам психикалық дертке шалдыққан. Қазір бұл істі Үзген аудандық соты қарап жатыр.

Тақырып бойынша

Астанада екі жігіт жабылып қыз зорлады: біреуі 1,5 жылдан кейін Қырғызстанда қолға түсті
"Аяғын сүйіп, жалындым": зорланған жалғызбасты ана соттың жеңіл үкіміне шағымданды
Түсік жасатуға қарсы күресіп жүрген адам 13 жастағы қызын зорлап тастады
Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті
Жүкті әйелін зорлай алмағанына ызаланған еркек жантүршігерлік қылмыс жасады
Ойына келгенін істеген: Балқашта зорланған қыз ақыры дегеніне жетті   
Кілт сөздер:
сәби, қыз, әке, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып