Әлем

Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табиғат аясында арақ ішкен қаскөйлер бөтелкелесінің намысына тиіп, тірідей өртеп жіберген

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Қырғызстанда бөтелкелесін азаптап өлтірген үш жігіт сотталды.

Төрт жігіт табиғат аясында арақ ішкен. Бір кезде Андрей деген жігіт Виктордан әйелі жайлы сұрай бастайды. "Иә, мен оны білемін, ол жезөкше, көрінгеннің қойнында жатады!", - деп келемеждейді Андрей. Осыдан кейін жанжал шыққан, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Андрей жүресінен отырған Викторға бензин шашқан. Кейін шөпті өртеп, оның үстіне жанып тұрған шоқты лақтырған – киім лезде тұтанған. Виктордың шыбын жаны шырқырап, жалма-жан өртті сөндіре бастайды. Өшіріп бола бергенде, Андрей тағы бензин құйған. Кейін оған достары қосылады: ол аз болғандай жауыздар жәбірленушіні бұрағышпен (отвертка) ұрғылапты. Кейін олар Виктордың денесін арыққа тастап, кетіп қалған.

Тағы оқыңыз: Жаңа туған баланы әке-шешесі бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады 

Келесі күні Андрей достарымен бірге қылмыс орнына келеді. Виктор жантүршігерлік азаптаудан кейін де біраз уақытқа дейін жаны шықпағаны белгілі болады. Қылмыскерлер мәйітті жүксалғышқа салып, ағын суға алып келіп, төменге тастап жіберген.

Арада біраз уақыт өткенен кейін Андрейдің сыбайласы милицияға өзі келіп, болған жайтты жайып салады. Күдікті марқұм қайта-қайта түсіне кіріп, ұйықтай алмай жүргенін айтқан.

Андрей 20 жылға, ал оның сыбайластары 15 және 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жаңалықтар
0