08:54 16 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Шахноза Мирзиёева

Мирзиёевтің кенже қызы басшылық қызметке тағайындалды

© Photo: daryo.uz
Азияда
Қысқа сілтеме алу
962 0 0

Шахноза Мирзиёева мектепалды білім министрлігі басқармасының басшысы болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің кенже қызы Шахноза Мирзиёева республиканың мектепалды білім министрлігінің мектепалды білім саласында саясат қалыптасыру және жүргізу бас басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

2017 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Шахноза Мирзиёева мектепалды мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және стратегиялық даму бас басқармасының басшысы Елена Теннің орынбасары болып қызмет еткен еді. Кейін бұл ведомство мектепалды білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіру, талдау және стратегиялық даму басқармасы болып қайта құрылды.

Тағы оқыңыз: "Бұл ақша әпкеңдікі ме еді?" Мирзиёев облыс әкімін қатаң сынға алды 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, биыл сәуір айында Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы да басшылық қызметке келді. Дәлірек айтқанда, Саида Мирзиёева ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалды. Ол Өзбекстанның шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша мәселелерді басқарады.

Тақырып бойынша

"Мирзиёевтің арқасы" Тоқаев Өзбекстан президентін неге мақтады
"Менің ағам" Өзбекстан президенті Назарбаевқа алғысын айтты
Тоқаев Өзбекстан президентіне қоңырау шалды
Өзбекстандағы қазақтар да арыстықтарға қол ұшын бермек
Кілт сөздер:
Өзбекстан, Шавкат Мирзиёев
Загрузка...

Басты тақырып