12:35 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев, архивтегі сурет

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты ұстау операциясы басталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Азияда
Қысқа сілтеме алу
Атамбаевты ұстау операциясы (17)
1351310

Атамбаевтың резиденциясына арнайы жасақ келіп, атыс басталған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Қырғызстанның Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталды, деп хабарлады РИА Новости оның жақтастарына сілтеме жасап.

Бұған дейін экс-президенттің кеңесшісі Кундуз Жолдубаева хабарлағандай, Атамбаевтың резиденциясына арнайы жасақ келіп, атыс басталған.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, арнайы жасақ экс-президенттің жақтастарына қарсы арнайы құралдарды пайдаланды. Он шақты адамға резеңке оқ тиіп, жарақат алған.

Еске сала кетсек, 13 маусым күні Қырғызстан парламенті арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия Алмазбек Атамбаевтың алты қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін деген қорытынды жасады. 20 маусым күні Жогорку Кенеш бұл қорытындыны мақұлдап, Бас прокуратураға жіберген.

Кейін бас прокурор алты фактінің бесеуі бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз бар екенін айтты. 27 маусым күні Жогорку Кенеш Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдады.

Тағы оқыңыз: Жээнбеков Атамбаевқа қатысты жағдайға түсініктеме берді

Бұдан соң саясаткердің үйінің маңында жақтастары жинала бастады. ІІМ тергеу тобы Атамбаевты үш рет жауап алуға шақырды. Алайда ол барған жоқ. Жогорку Кенеш шешімін заңсыз деп санайтынын алға тартқан. Атамбаев Коституциялық палатаға талап жолдады.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевтың ісі заң аясында шешілуі тиіс екенін мәлімдеді.

Тақырып:
Атамбаевты ұстау операциясы (17)

Тақырып бойынша

"Заң шеңберінен шығып кетті": Атамбаев үшінші рет тергеуге шақырылды
Полицейлер Атамбаевтың үйіне кіре алмады
Путинмен кездескен Атамбаев мәлімдеме жасады
Мың жарым милиция қызметкері Атамбаевты күшпен ұстауға дайындалып жатыр
"Ашық ескертіп жатырмын": Атамбаев қарулы қарсылық көрсететінін мәлімдеді
Кілт сөздер:
Қырғызстан, ұстау, Алмазбек Атамбаев
Загрузка...

Басты тақырып