09:50 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевқа 14 қылмыстық іс бойынша айып тағылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Азияда
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Оның ішінде Қырғызстанның бұрынғы басшысына кісі өлтіруді ұйымдастырды деген айып тағылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз – Sputnik. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 14 қылмыс жасады деген күдікке ілініп, хабарландыру жіберілді, деп жазды Sputnik Қырғызстан адвокат Сергей Слесаревке сілтеме жасап.

16 тамызда Атамбаев Бішкек қалалық сотына жеткізіледі, деді оның кеңесшісі Құндыз Жолдыбаева.

Атамбаевқа қандай айып тағылуда

Тұтастай алғанда бұрынғы мемлекет басшысына құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданды, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, кісі өлтіруды ұйымдастырды мен кісі өлтіруге оқталды, адамдарды тұтқынға алды деген айып тағылуда.

Бірінші айыпты Ішкі істер министрлігі қылмыс әлемінің серкесі Азиз Батукаевты босату туралы іс бойынша таққан болатын.

13 тамызда 7-8 тамыз оқиғаларына (Атамбаевты ұстау процесіндегі тәртіпсіздік) қатысты сотқа дейінгі тергеулер басталды, бірнеше аса ауыр қылмысты жасады деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тапсырылды. Онда тоғыз қылмыстық іс туралы айтылған.   

Тағы оқыңыз: Алмазбек Атамбаев ұсталды

Сәрсенбі, 14 тамызда Әскери прокуратура экс-президентке тағы екі қылмыс туралы хабарлама берді: "Медиафорум" ғимараты және Бішкек жылу электр стансасын жаңғыртуға қатысты. Екі жағдайда да – "Сыбайлас жемқорлық" бабы. Парламент депутаттары Атамбаевтың бес қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп күдіктенген еді.

Бейсенбі, 15 тамызда Әскери прокуратура Атамбаевқа Қой-Таштағы жер теліміне қатысты  тағы екі хабарлама тапсырды. Оған Қой-Таш ауылындағы жер учаскесін пайдалану мақсатын заңсыз өзгертті және иемденді деген айып тағылған.    

Атамбаев қалай ұсталды

7 тамыз кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.

Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.

Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Тақырып бойынша

Атамбаевтың ұлы ағасы ұсталды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Атамбаевтың қызы видеоүндеу жариялады
Екі күндік операция: Атамбаев қалай ұсталды?
Атамбаевтың үйінен түрлі қару-жарақ тәркіленді
Атамбаевқа мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырды деген айып тағылды
Кілт сөздер:
Қырғызстан, Алмазбек Атамбаев
Загрузка...

Басты тақырып