11:29 24 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD388.96
  • EUR432.21
  • RUB6.09
Андрей Малахов

Қырғыздарға тіл тигізген танымал ресейлік тележүргізуші мәлімдеме жасады

© Sputnik / Максим Блинов
Азияда
Қысқа сілтеме алу
1451 0 0

Андрей Малаховтың қырғыздар туралы айтқан сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Жанжал тіпті сыртқы істер министрлігі деңгейінде сөз болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов өз бағдарламасында қырғыздар туралы айтқан сөзінен кейін шыққан даудан соң мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.

Мәлімдеме Starhit порталында жарияланды, Малахов осы сайттың бас редакторы.

Ол "жүргізушінің жеке пікірі демократиялық Қырғызстан халқы тарапынан осыншалық наразылық тудырады деп ойламағанын" жазған. Малаховтың айтуынша, бағдарлама ұжымының ішінде оннан астам ұлт өкілдері бар, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Бағдарламаның бұл шығарылымында журналист ретіндегі менің міндетім қайғыдан қан жұтып отырған әйелді қорғап, оның ұлының өліміне не себеп болғанын анықтау болды. Заңбұзушылықтар, сондай-ақ қылмыскерлер мен зардап шеккендердің ұлты мен азаматтығы жоқ – заң алдында бәрі тең.  Мен қырғыздарды сүйікті Шыңғыс Айтматовтың шығармалары мен мектеп оқулықтарындағы Семен Чуйковтың туындыларынан ғана емес, көптеген жеке кездесулерден білемін. Менің ойымша, мен журналистік жұмысымды істедім – Татьяна Маругова алғаш рет кінәлі адамның болмаса да, оның өкілінің өкініш сөздерін естіді. Енді мен де кейбір қырғыздардың сөзімді дұрыс түсінбегені үшін өкініш білдіремін. Мен бейбітшілік мен тату көршілікті, сондай-ақ әділдік пен сөз бостандығын қолдаймын", - деп мәлім етті жүргізуші.

Айта кетсек, "Россия 1" телеарнасындағы "Андрей Малахов. Прямой эфир"  бағдарламасында қырғызстандық таксистің қатысуымен болған жол апаты талқыланған. Көлік пен мотоциклдің соқтығысуынан миллиардердің ұлы Александр Маругов қаза тапқан болатын.

Эфир кезінде Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің өкілі мерт болған жігіттің анасынан таксистің әке-шешесі атынан кешірім сұрады. Бағдарлама барысында қонақтар мен жүргізуші Малахов жас жігіт тапсырыспен өлтірілді деген болжам айтты.

"Оған 100 мың доллар берсең болды. Бұл ақша оның отбасын, бүкіл ауылы мен туған-туыстарын бақытты қылады, өйткені олар 10 доллар жалақымен өмірінің соңына дейін осынша ақша таба алмайды", - деді Малахов.

Қырғыздар, оның ішінде танымал адамдар әлеуметтік желілерде жүргізушінің бұл сөзі намысқа тиетінін айтып, кешірім сұрауды талап етті. Қырғызстандағы Ресей елшілігі жанжалға қатысты пікір білдіріп, Малаховты айыптады. Бұдан бөлек, Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі елшілік өкілін шақырып, мемлекеттік телеарнада істейтін журналистің мәлімдемесі бойынша алаңдаушылығын жеткізген.

Тақырып бойынша

Қыздың ішінен теуіп, аяусыз ұрған әйел қазақ па, қырғыз ба?
Ресейде жұмыс істейтін қырғыз дөрекілік танытқандардың сазайын берді – видео
"Қазақтар артық кетті" Көкпардан қырғыз құрамасы чемпионатқа қатысудан бас тартпақ
"Қытайларға азаматтық берілмесін!" Бішкекте қырғыздар митингке шықты
Алматыда ұсталған қырғыз депутаты Қазақстан азаматы болып шықты
Қырғыз сарапшысы: екі президенттің ісіне араласпайық, өздері шешеді
Кілт сөздер:
қырғыздар
Загрузка...

Басты тақырып