Әлем

Жас жігіт 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жықты – видео

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЧеловек с ломом в руке, архивное фото
Человек с ломом в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күзетші жастарға ескерту жасаған, олардың бірі тұраққа қойылған көлікке дәрет сындырған. Оқиға бақылау камерасына түсіп қалған

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Бішкекте 60 жастағы күзетшіні аяусыз соққыға жығып кетті, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан жәбірленушінің бауырына сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, оқиға 30 қазанға қараған түні Шыңғыс Айтматов даңғылы мен Масалиев көшесінің (Оңтүстік тасжолы) қиылысындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болған. Бақылау камерасы түсірген видеода жас жігіттің ер адамды ұрып-соғып, жерге құлатып, тепкілегені көрінеді. Кейін оларға үшінші адам жүгіріп келіп, бұзақыны алып кетпек болады.

Тағы оқыңыз: Өзбекстан Шымкентте түсірілген видеодан кейін мәлімдеме жасады

Жәбірленушінің бауырының айтуынша, күзетші жастарға ескерту жасаған, олардың бірі тұраққа қойылған көлікке дәрет сындырған көрінеді.

Ер адам полицияға шағымданып, тергеушіні күтіп отырғанын жеткізді.

Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіруде.

Жаңалықтар
0