00:55 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Азияда
Қысқа сілтеме алу
849 0 0

Түрікменстан басшысы цирк әртістеріне сыйлық жасады, оның ішінде өзі орындаған "Ровач" рэп-композициясы жазылған дискілер де болды

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов циркте өнер көрсетті, деп хабарлайды Altyn Asyr телеарнасы.

29 желтоқсан күні, жексенбіде Бердімұхамедов Ақалтеке халықаралық ат спорты орталығында болып, шабандоз-акробаттардың өнерін тамашалап, труппа мүшелерімен сөйлесті.

Тағы оқыңыз: Бердімұхамедов министрді қызметінен босатып, генерал шенінен айырды

 Ұжым басшысы Пыгы Байрамдурдыев президентті Ак ел ("Ақ жол" - Sputnik) деген атқа мінуге шақырды. Бердімұхамедов ат үстінде цирк аренасын бірнеше рет айналды.

Кездесуге қатысқан балалар өлең оқып, сәйгүлікке арналған "Ровач" рэп-композициясы жазылған дискілерді сыйлыққа алды. Бердімұхамедов әнді немересі Керимгулымен бірге орындаған.   

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кездесу өткізді: олар не туралы сөйлесті
Түрікменстан президенті Каспийдің инновациялық қаласын салуды ұсынды
Медведев Түрікменстан президентінен алған сыйлығын көрсетті – видео
Назарбаев, Путин мен Трамптың видеолары желіде қызу талқыланды
Президентке жаңа атақ берілді
Кілт сөздер:
Түрікменстан, цирк
Загрузка...

Басты тақырып