13:36 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Азияда
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1392)
584 0 0

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына бармауға кеңес берді. Ал сол жақта жүргендер адам көп жиналатын орындарға бармай, жергілікті биліктің талабын қатаң сақтауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Ухань қаласында қалған қазақстандық студенттер туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің мәліметі бойынша Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адамдардың саны 830 адамнан асты. Осы пневмонияның салдарынан 25 адам көз жұмды. Осыған байланысты Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына жақын қалаларында карантин енгізілді. Көлік қатынас тоқтатылды. Ол қалаларға кіруге де, шығуға да болмайды.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Бүгінде қалада 98 студент қалып отыр.

"Қалғандары демалыс басталғаннан кейін Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған. Біздің дипломаттарымыз Уханьдағы барлық студенттермен байланыс орнатқан", - деді Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ухань қаласына және Хубэй провинциясына бармауға кеңес берді. Ал сол жақта жүргендер адам көп жиналатын орындарға бармай, жергілікті биліктің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.

"Өкінішке қарай, қазақстандықтардың басым бөлігі шетелде консулдық есепке тұрмайды. Осындай жағдайда дипломаттардың жұмысы қиындайды. Мәселен, қазір Қытайда 10 000-нан астам қазақстандық студент оқиды. Олардың ішінде бар болғаны 1 000 адам ғана консулдық есепке тұрған. Қалғаны тұрмады. Соның салдарынан көмек керек кезде оларды дер кезінде таба алмай жатамыз", - деп атап көрсетті Смадияров.

Министрлік өкілі жаңа коронавирусқа қатысты күдік туындаған жағдайда дереу медициналық мекемеге барып, Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне хабарласу қажеттігін жеткізді.

"Карантиттің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Бейжіңдегі Қазақстан елшілігі тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі ашты. Телефондары елшілік сайтынан немесе министрліктің ресми сайтынан көруге болады", - дейді Смадияров.

Вирус Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында тарала бастады. Желтоқсан айының соңында белгісіз пневмония туралы ақпараттар жарияланды. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де жылдам тарап кетті.

Австралияда тағы бір адам коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған. Ресей мей Беларусьте де вирус жұқтырғандар туралы хабарланды, бірақ диагноз расталған жоқ.

Тағы оқыңыз: Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді

Қазір Ухань, көрші Хуанган қаласы жабылды: кіріп-шығу шектелді, қоғамдық көлік пен көптеген қалалық нысандардың жұмысы тоқтатылды. Басқа елдер әуежайларда қосымша тексерістер енгізіп жатыр.

Әзірге коронавирустан вакцина жоқ. Аурудың белгілері: жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы. Cоңғы мәліметтер бойынша 800-ден астам адам вирус жұқтырып, оның 25-і көз жұмды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1392)

Тақырып бойынша

Қытай Қазақстанмен шекараны уақытша жабады
Қытай иероглифі бар көгершіндер қазақстандықтарды дүрліктірді - фото
Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты үкім шығарды
Қазақстанға Қытай вакцинасын әкелу тоқтатылды
Қытай Путиннің ұсынысын қолдады
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, студенттер, вирус, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып