02:14 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Азияда
Қысқа сілтеме алу
Қордайдағы қақтығыс (69)
21820 0 0

Сортөбе және Масанчи ауылдары Қырғызстанның Тоқмақ қаласына жақын орналасқан. Екі елдің шекарасындағы жағдай тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан қырғыз шекарашылары қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның Жамбыл облысындағы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалып, жаппай төбелес болғанын хабарлаған едік. Бұл ауылдар Қырғызстанның Шу облысындағы Тоқмақ қаласына жақын орналасқан. Қазақстан президенті жанжалды арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын атап өтті, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Қордайдағы төбелес: Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің (МШҚ) баспасөз қызметі шекараның қазақ-қырғыз бөлігіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады.

"Шу облысының аумағымен шектесетін Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдайдың ушығуына байланысты шекарада орналасқан өткізу пункттері мен МШҚ бөлімшелері қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады.

Тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды. 

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 

Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (69)

Тақырып бойынша

Тас лақтырып, соққыға жықты: Қордайда не болып жатыр - видео
Ақтаудағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды
Алматылықтар мен Қытай жастары жанжалдасып қалды: полиция түсініктеме берді
Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды
Жамбыл облысында жаппай төбелес болды - видео
Кілт сөздер:
төбелес, Қырғызстан
Загрузка...

Басты тақырып