01:43 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Азияда
Қысқа сілтеме алу
11804 0 0

Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындар жұмыс тобының өкілдеріне шабуыл жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Өзбекстанның Сурхандария облысындағы Алтынсай ауданында жергілікті тұрғындар тексеріспен келген шенеуніктерге шабуыл жасады, деп хабарлады Газета.uz.

Желіде тараған видеода адамдардың құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетіп жатқанын көруге болады. Тәртіп сақшылары біреуді жақын тұрған автобусқа қарай сүйреп жатыр. Ал жергілікті тұрғындар оларға қарсылық көрсетіп жүр. Бір жігіттің басы қанап кеткен. Адамдардың автобусқа тас лақтырып жатқанын да байқауға болады.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 14 ақпанда болған. Бұған дейін жеке шаруа қожалығы заңсыз құрылыс салу фактісі бойынша арызданған. Осыны тексеру үшін Халкабод махалласына (қаланың бір бөлігі – Sputnik) арнайы жұмыс тобының өкілдері барған. Олардың ішінде аудандық әкімдіктің мамандары, прокурор, ішкі істер бөлімінің бастығы, сондай-ақ, кадастр қызметкерлері болды. Негізгі мақсат – жер учаскесін заңды иесіне қайтару.

"Халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде жергілікті тұрғындар жұмыс тобының өкілдеріне шабуыл жасаған. Олардың қолдарында сан алуан заттар (таяқ, балта, тас, күректің сабы және тағы басқа) болды. Шабуылдың арты қақтығысқа ұласқан", - делінген ішкі істер министрлігінің ресми хабарламасында.

Оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етсе де, бірқатар азамат қарсылық көрсетті.

Қақтығыс кезінде екі құқық қорғаушы жарақат алды. Біреуінің миы шайқалып, беті жырылса, екіншісі жеңіл жарақатпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Жергілікті тұрғындар арасында жарақат алғандар туралы ресми ақпарат жоқ.

Ауыл тұрғындары мен қытай компаниясының жұмысшылары төбелесті – видео

Айта кетейік, 2018 жылы сәуірде Өзбекстанда жеке тұлғалардың заңсыз салған құрылыс нысандарына бір реттік рақымшылық акциясы жарияланған болатын. Соның аясында мүлік құқығын рәсімдеуге мүмкіндік берілді. Акция 2019 жылдың 1 мамырына дейін жалғасты. Халық тарапынан жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге 932,7 мыңнан астам арыз түсті. Соның 20 проценті кері қайтарылды.

Тақырып бойынша

Кондуктор мен жолаушының төбелесі немен аяқталды – видео
Алматы облысында қытайлармен төбелеске не себеп болғаны айтылды
Нұр-Сұлтанда жанкүйерлер арасында төбелес болды – видео
Көрермендер жаппай төбелесіп кетті: Маңғыстауда болған жанжалдың видеосы
Кілт сөздер:
Өзбекстан, видео, жаппай төбелес
Загрузка...

Басты тақырып