Әлем

Жүздеген милиция қызметкері жеткізілді - Қырғызстанда не болып жатыр?

© Sputnik / Владислав ВодневМигалки на автомобиле полиции, архивное фото
Мигалки на автомобиле полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Митингке қатысушылар Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың резиденциясына баруға үндеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Бішкектегі митингілер құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласып кетті, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қырғызстан тілшісі.

"Оқиға орнына Қырғызстанның ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Қаниметов келді. Ол журналистердің сұрағына жауап берген жоқ. Митингке шыққандарды тарату үшін жарық-дыбыстық граната, түтіндету құтысы және суатқыш қолданған. Болжам бойынша оқиға орнында жүздеген милиция қызметкері болған. Олар автобустармен жеткізіліп жатыр", - деді тілші.

Түсте Ала-Тоо алаңында экс-депутат Садыр Жапаровтың 800-ге жуық жақтасы жиылды. 

Сот Жапаровты он бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Оған Ыстықкөл облысында 7 қарашадағы митинг кезінде адамдарды кепілге алды деген айып тағылған болатын.  

Митингіге шыққандар Жапаровты босатуды талап етіп отыр.

Жаңалықтар
0