Әлем

РФ Мемдумасына депутаттар 145 мемлекетте сайланады

© Sputnik / SputnikМемлекеттік дума
Мемлекеттік дума - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейдің Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау 18 қыркүйекте 145 мемлекетте өтеді. РФ СІМ мәліметінше, 2016 жылғы 1 шілдедегі ахуал бойынша шетелдегі ресейлік сайлаушылардың саны 1,8 миллионнан астам адамды құрады, соның ішінде шамамен 1,6 миллион адам шетелде тұрақты тұрады.

АСТАНА, 31 там — Sputnik. Ресейдің Мемлекеттік думасына депутаттар сайлау 18 қыркүйекте 145 мемлекетте өтеді. РФ СІМ мәліметінше, 2016 жылғы 1 шілдедегі ахуал бойынша шетелдегі ресейлік сайлаушылардың саны 1,8 миллионнан астам адамды құрады, соның ішінде шамамен 1,6 миллион адам шетелде тұрақты тұрады.

РФ ОСК Мемдумаға сайлауға федералдық тізімге барлығы 14 партияны тіркеді (бірқатар партиялардың құжаттары қабылданбай тасталған болатын). "Родина", "Коммунисты России", Российская партия пенсионеров за справедливость, "Единая Россия", "Зеленые", "Гражданская платформа", ЛДПР, Партия народной свободы (ПАРНАС), Партия роста, "Гражданская сила", "Яблоко", КПРФ, "Патриоты России" және "Справедливая Россия" партиялары тіркелді.

Жеребеде анықталған дәл осы тәртіптегі партиялардың аталымы және эмблемалары сайлау бюллетеніне орналастырылады. Жетінші шақырылымдағы мемдума депутаттарының сайлауы (ресейлік парламенттің төменгі палатасы) 18 қыркүйекте аралас жүйеде өтеді: 225 депутат партиялық жүйе бойынша (пропорциональдық жүйе) және 225 —і бір мандаттық округтер бойынша (мажоритарлық жүйе) сайланады. Қазіргі уақытта Ресейде 111,7 миллион сайлаушы тіркелген.

Жаңалықтар
0