08:13 18 Қазан 2017
Тікелей эфир
Дауыс беру

Қазақстанның 19 қаласында РФ Мемлекеттік думасына дауыс беру өтіп жатыр

Sputnik / Болат Шайхинов
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
РФ Мемдумасы сайлауы қалай өтті (4)
286 0 0

Қазақстанда жексенбі күні РФ Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау үшін сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлады Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Михаил Бочарников.

АСТАНА, 18 қыр – Sputnik. Қазақстанда жексенбі күні РФ Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау үшін сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлады Ресейдің Қазақстан Республикасындағы елшісі Михаил Бочарников.

Елшінің ақпаратына сәйкес, сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 18 жасқа толған Ресей азаматтары дауыс бере алады. Ол үшін өзіне РФ азаматының төлқұжаты (шетелдік немесе жалпы азаматтық) немесе Ресейге кіруге рұқсат (оралуға) беретін куәлік болса жеткілікті.

"Учаскеге жарамды құжатпен келген әр ресейлік азамат, өзінің ауызша мәлімдемесі бойынша дауыс беруге қатысатындығы Заңмен нақты белгіленген", — деді Бочариников журналистерге.

Қазақстанда  қанша ресейліктің дауыс беруге қатысатындығы туралы айта алмады, өйткені шетелде тұратын ресейлік азаматтар міндеттік тіркеуден өтуге тиіс емес.
Жалпы Қазақстан аумағында жексенбі күні (Байқоңырды қосқанда) 19 қалада учаске ашылды. Қызылордада — 20-шы сайлау учаскесінде мерзімнен бұрын көшпелі дауыс беру үш күн бұрын өткен.

Тақырып:
РФ Мемдумасы сайлауы қалай өтті (4)

Басты тақырыптар