12:04 27 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Ресейдің Мемдумасына сайлауға дауыс беру

Мемдумаға сайлауға қатысу бес жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен

© Sputnik / Александр Кряжев
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
РФ Мемдумасы сайлауы қалай өтті (4)
237 0 0

РФ Мемдумасына сайлауға дауыс беру жексенбіде Орталық федералдық округтің 16 облысында өтуде.

АСТАНА, 18 қыр – Sputnik.  Орталық Ресейдің 16 өңіріндегі жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік думаға депутаттар сайлауына сайлаушылардың қатысуы бес жыл бұрынғы көрсеткіштерден төмен  деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеу уақыты бойынша 12.00-де (Астана уақыты бойынша 15 сағат) сайлаушылардың қатысуы Твер облысында 11,66 %-дан Белгород облысында 24, 48 % дейін құрады.

РФ Мемдумасына сайлауға дауыс беру жексенбіде Орталық федералдық округтің 16 облысында өтуде. Тульск және Тверь облыстарында өңір басшылары, Курск, Липецк, Орлов, Тамбов және Тверь облыстарында — өңірлік парламенттер сайлануда.

Түске қарай Белгород облысының тұрғындары ең белсенді екендіктерін көрсетті. 12 сағаттағы мәліметтерге қарағанда, осы өңірдегі сайлаушылардың қатысуы 24,48% (293,347 мың адам) құрады. Алайда мұнда да төмендеу бар: алдыңғы сайлауда осы уақыттағы қатысу 25,24% құрады.

Жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік думаға сайлауға 14 партияның федералдық тізімі тіркелген. Бұл "Родина", "Коммунисты России", Российская партия пенсионеров за справедливость, "Единая Россия", "Зеленые", "Гражданская платформа", ЛДПР, Партия народной свободы (ПАРНАС), Партия роста, "Гражданская сила", "Яблоко", КПРФ, "Патриоты России" және  "Справедливая Россия" партиялары.

Тақырып:
РФ Мемдумасы сайлауы қалай өтті (4)

Басты тақырыптар