04:18 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Руслан Хасбулатов

Руслан Хасбулатов: Алматыны өзімнің кіші отаным деп білемін

© Sputnik / Владимир Федоренко
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Алматыға мың жыл (4)
111 0 0

Ресей Федерациясы Жоғарғы кеңесінің соңғы төрағасы Руслан Хасбулатов Sputnik агенттігіне берген сұхбатында Алматыны өзінің кіші отаны санайтынын айтты.

АСТАНА, 26 қыр – Sputnik. Ресей Федерациясы Жоғарғы кеңесінің соңғы төрағасы Руслан Хасбулатов Sputnik агенттігіне берген сұхбатында Алматыны өзінің кіші отаны санайтынын айтты.

Белгілі саясаткердің отбасын – төрт баласы мен анасын – жасы бірден енді асқан кезде Шешенстаннан Қазақстанға депортациялаған. Алғашқы сегіз жыл олар Солтүстік Қазақстан облысы Полденский ауданында тұрған. Ол жерді негізінен немістер  мекендеген. 1954 жылы Сталин қайтыс болғаннан кейін Никита Хрущев Қазақстанға қоныс аударғандардың өмірін жеңілдетіп, Хасбулатовтар Алма-Атаға көшті.

"Қазақстан Ресейден кейін менің екінші отаным. Алма-Ата – тамаша қала, біз онда он жыл тұрдық. Бізді депортациялаған кезде, мен жасымнан енді асқанмын. Ол кезде сұрапыл аяз болған. 1954 жылдан бастап он жыл бойы іс жүзінде Сібірде тұрдық. Жоғарғы биліктің жарлығымен қоныс аударғандарға қозғалуға, Қазақстан аумағындағы отбасыларымен қауышуға мүмкіндік берілгеннен кейін, біл Алма-Атаға бардық. Ол жақта туыстарымыз болатын", — деді Руслан Хасбулатов.

Хасбулатовтың анасы колхозда сауыншы болып істеген. Ал балалар ер жетіп, оқыған. Болашақ саясаткер осы қалада орта мектепті бітірді. 1962 жылы ол Мәскеуге кетіп, ММУ заң факультетіне түсті.

"64-ші мектебім әлі есімде. Менің мектептегі естеліктерім негізінен осы керемет жермен байланысты. Бізге онда жақсы білім берді, — деді Хасбулатов. – Оныншы сыныпта маған 42-ші мектепке ауысуға тура келді. Құрылыста жұмыс істеу үшін кешкі мектепке өттім. Алматыны екінші отаным деп білемін. Біз ол әсем қаланы жақсы көретінбіз".

Қазақстанда туыстарының қалғанына қарамастан, Алматыға Руслан Хасбулатов өте сирек келеді. Көбіне қайғылы жағдайларға байланысты — соңғы рет бұл жаққа апасы қайтыс болғанда келген. Бұрындары саясаткер Қазақстанда көп болатын, оны әрдайым "өздерінікі" ретінде қарсы алатын.

 

Тақырып:
Алматыға мың жыл (4)

Басты тақырыптар