04:19 19 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Архивное фото Владимира Путина

"Біз оларды дәретханада тұншықтырамыз": деді Путин Астанада

© AP Photo / AP Photo/ str
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)
75 0 0

Sputnik агенттігі Ресей президентінің ең әйгілі 5 дәйексөзін ұсынады.

АСТАНА, 4 қаз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде Қазақстан мен Ресейдің  кезекті  Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астанаға келді. Sputnik агенттігі Ресей президентінің ең әйгілі 5 дәйексөзін ұсынады.

"Ресейлік ұшақтар Шешенстанда, террористердің базалары бойынша соққылар жасап жатыр, әлі де жалғастыра береді, бұл террористердің қай жерде болғандарына қарамастан жалғасатын болады… Біз барлық жерде террористердің соңынан қалмайтын боламыз әуежайда болса әуежайда. Мені кешірулеріңізді өтінемін, егер дәретханада ұстап алсақ, онда да тұншықтырамыз. Бітті, мәселе жабылды", — деді Путин 1999 жылғы қыркүйекте, Ресейдің премьер-министрі қызметін атқарған тұсында, бұл сөздер РИА Новостидің анықтамасында келтірілген.

Батып кетті

Си-эн-эн телеарнасының жүргізушісі Ларри Кингтің 2000 жылғы қыркүйекте ресейлік  "Курск" сүңгір қайығына не болды, қойған сауалына, Путин қысқаша: "Ол батып кетті", деді.

Қар жауады

"Жағалауда сіздер шуақты көктемнің күнімен рахатқа бөлене аласыздар, ал тауда – нағыз қыс. Алты немесе жеті апта бұрын мен ол жерде шаңғы тептім, Нағыз қардың жауатындығына сенімдімін", — деді Путин 2007 жылғы шілдеде Гватемалада Сочиді ресми таныстыру кезінде.

Галералардағы құл

"Ресей Федерациясы президент сайлауда мен үшін екі рет дауыс берген азаматтарымыздың алдында ұялмаймын. Осы сегіз жыл бойы мен галералардағы құл секілді таң ертеңнен түнге дейін бар күш-жігерімді салып еңбек еттім", — деді Путин 2008 жылғы ақпанда Кремльде өткен "үлкен" конференция барысында.

Мұнда қарау

"Мұнда қарау керек! Менің айтқанымды тыңдап! Егер қызық болмаса, онда мархабат…", — деп мәлім етті президент 2003 жылғы қарашада Мемлекеттік кеңес президиумы  мен Қауіпсіздік кеңесі отырысында өзара сөйлесіп отырған шенеуніктерге қарата.

Тақырып:
ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумы (8)

Басты тақырыптар