03:26 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Ресейде

Құйрықты жолаушылар: метро вагонында ит тоғыз күшік тапты

Қысқа сілтеме алу
25 0 0
© Ruptly.

3 қазан күні таңертең бұралқы ит елордалық метрополитен пойызының вагонында күшіктеді. Жер асты пойызы қызметкерлерінің жануарларды қауіпсіз жерге көшіру сәтін тамашалаңыздар. 

Елордалық жерасты  пойызының жолаушылары 3 қазан күні таңертең машинистке "Павлецкая" стансасының маңындағы вагонда бұралқы иттің күшік тауып жатқандығын хабарлаған. 

Метрополитен қызметкерлері жолаушыларды түсіріп, вагонды депоға жеткізу туралы шешім қабылдады. Сол жерде ит қалған күшіктерін дүниеге әкелді. Жалпы тоғыз күшік туылды. Жануарларды елордалық жерасты  пойызының қызметкелері "Зоорассвет" мекемесіне берді. Ол жерде итті жуындырып, екпе салды. Ал күшіктерді қарап шықты. Метрополитен қызметкерлері ит пен күшіктерге қожайын іздестіріп жатыр. 


Басты тақырыптар