03:38 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Музыкант Сергей Пархоменко, выступающий под псевдонимом Серега

Рэпер Сереганың Внуководағы ұшақты "миналауға" қатысуы болуы мүмкін

© Foto: Официальный сайт Сергея Пархоменко
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Минскіге ұшпақ болған ұшақта бомба бар деген жалған хабарлама берген белорус азаматы мәскеулік Внуково әуежайында ұсталды. Ол танымал белорус әншісі Серега болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. Минскіге ұшпақ болған ұшақта бомба бар деген жалған хабарлама берген белорус азаматы мәскеулік Внуково әуежайында ұсталды. Ол танымал белорус әншісі Серега болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости

"Рейске кешікке азамат әуежай қызметкерлерінен ұшуды кешіктіруге болады ма деп сұрады. Әрине теріс жауап алған. Содан кейін ұшақ миналанды деп мәлім еткен", — деді РФ ІІМ көліктегі басқармасының баспасөз қызметі.

1976 жылғы ер кісі ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ұшақ тексеруден кейін бағыт бойынша ұшып кетті. 

«Оның өзімен бірге Сергей Пархоменконың атына билет болған. Ондай орындаушы бар, Серега деген лақап атпен жұмыс істейді. Түр әлпеті де келеді», — деп хабарлады РИА Новости агенттігіне әуежай қызметтерінің біріндегі дереккөзі. 


Басты тақырыптар