Әлем

БАҚ: РФ-ның мектеп атласы Астрахан облысын Қазақстанға сыйлаған

© Fotolia / MaxximmmЖер шары
Жер шары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атлас құрастырушылар Астрахан облысын Қазақстанға сыйлаған

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik. Росреестр мамандары оқу құралдарынан көптеген қате тапқан. Осылайша, "Сегізінші сыныпқа арналған Ресейдің физикалық географиясы" кітабында Астрахан облысы Қазақстан аумағында орналасқан, деп жазады ресейлік "Московский комсомолец" басылымы.

"МК" деректеріне сәйкес, 2016 жылдың басында қайта басылып шыққан атластың соңғы нұсқасын орта есеппен 160 рубльге сатып алуға болады. Алайда, Росреестрде атап өткендей, мұндай сатып алу білім емес, емтихан немесе бақылау жұмысында жүз пайыздық құлауды қамтамасыз ете алады. Мемлекеттік шекараны қарап шыққан кезде үлкен қателіктер анықталған.

"Құрастырушылар ресейлік аймақтың бөлігін Қазақстанға беріп, Финляндия және Фин шығанағы шекарасын көрсетуді ұмытып кеткен болып шықты", — деп жазады басылым. Бұдан бөлек құрал авторлары Қытаймен шекараны 2008 жылғы дипломатиялық хаттамаға енгізілген өзгерістерді ескерусіз салған. Одан қоймай картографтар Қырымды ұмытып кеткен. Сонымен қатар, Севастополь мен Санкт-Петербургті шекарасыз қалдырған.

Росреестр шенеуніктері баспашылармен істің басын арбитраждық сотта ашуға мәжбүр болған. Сот шешімімен компанияға 100 мың Ресей рубліне айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0