Әлем

Стивен Сигал Ресей азаматтығын алды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуСтивен Сигал
Стивен Сигал - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық актерді Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлық Кремль сайтында жарияланды

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин америкалық актер әрі прдюсер Стивен Сигалды Ресей азаматтығына қабылдау туралы жарлыққа қол қойды, тиісті жарлық Кремль сайтында жарияланды. 

Стивен Сигал: бешбармак — самое лучшее, что я ел - Sputnik Қазақстан
Видео
Стивен Сигал: бесбармақтай дәмді тамақ жеген емеспін

"1952 жылдың 10 сәуірінде Америка Құрама шаттарында дүниеге келген Сигал Стивен Фредерик Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдансын", — делінген хабарламада.

Осыған дейін Сигал Оңтүстік-Сахалинге "Край света" кинофестиваліне қонақ болып келген кезінде Ресейді ұнатқанын мәлімдеген. Сахалинде ол бизнес жүргізуге мүмкіндіктің барын атап, болашақта ресейлік азаматтық алуы мүмкін екенін айтқан.

Бұрын шетелдік танымал адамдар арасынан Ресей азаматтығын француз актері Жерар Депардье, бокшы Рой Джонс, аралас жекпе-жек жауынгері Джефф Монсон алған. 


Жаңалықтар
0