16:05 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Прогресс МС-04

Ғарыш жүк көлігі "Байқоңырдан" ұшып, Ресейге құлады

© Foto: Роскосмос
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

Ғарыш кемесі ХҒС экипажына 2,5 тонна жүк жеткізуге тиіс болатын. Экипаждың өміріне қауіп төніп жатқан жоқ.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшқан "Прогресс" жүк кемесі Тувадағы адам тұрмайтын таулы аймақтың үсті, 190 шақырымдық биіктікте апатқа ұшырады. Көптеген фрагменттер атмосферада өртеніп кеткен, деп хабарлады бейсенбіде Роскосмостың баспасөз қызметі. 

Халықаралық ғарыш станциясының экипажына 2,5 тонна жүкті жеткізу үшін "Прогресс МС-04" ғарыш жүк кемесін тиеген "Союз-У" тасығыш-зымыраны "Байқоңыр" ғарыш айлағынан  бейсенбі күні Мәскеу уақытымен сағат 17:52-де (Астана уақыты 20:52) ұшып шыққан болатын.  Роскосмостың деректеріне сәйкес, 382-ші секундқа дейін тасығыш-зымыранның қшуы штаттық режимге сәйкес болған. 382-ші секундтан кейін телеметриялық ақпаратты қабылдау тоқтатылды. Бақылаудың штаттық құралдары кеменің есептік орбитада қызметін тіркемеді. 

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, штаттан тыс жағдай салдарынан адам тұрмайтын таулы аймақтың үсті шамамен 190 шақырымдық биіктікте КЖК (көліктік жүк ғарыш кемесі) жоғалту орын алды. Көптеген фрагменттер атмосфераның тығыз қабаттарында өртеніп кетті". – делінген хабарламада. 

"Егер экипаждың денсаулығы мен өміріне келер болсақ, оларға ешқандай қауіп төніп отырған жоқ. Станцияда шығын материалдары, тамақ, су, ауа, отын қоры жеткілікті. Ол қор осындай жағдайлар орын алғанға арнайы жасалды. Сол үшін 4-6 айға қор жеткілікті, үнемдеудің де қажеті жоқ", — деді Ресей космонавтика академиясының академигі Александр Железняков.