00:34 29 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Встреча президентов России и Турции В. Путина и Р. Эрдогана в Санкт-Петербурге

Путин мен Ердоған телефон арқылы Алепподағы жағдайды талқылайды

РИА Новости
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
601

Ресей және Түркия президенттері сәрсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлеседі.

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. РФ және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Ердоған сәрсенбі күні кешке Алепподағы жағдайды талқылайды, деп растады РИА Новости агенттігіне  Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. 

"Иә",  - деді ол. 

Бұдан бұрын Анкарада ауылдық әкімшілік басшылары алдында сөз сөйлеген Түркия президенті өзінің ресейлік әріптесімен Алепподағы жағдай туралы әңгімелесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. 

Сирия билігі Алеппо аумағының 98%-дан астамын толық бақылауға алған. Сирия үкіметі содырларға беріліп, қаладан кетуіне мүмкіндік беру үшін соғыс әрекеттерін тоқтатуға келісті. Алайда сәрсенбі күні таңертең олар сириялық билікпен жүргізілген келіссөздерді бұзып, татуласуды пайдалану арқылы топтасып алып, ұрыс әрекеттерін жалғастырды. 


Басты тақырыптар