16:05 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Евгений Пригожин мен Владимир Путин

Путиннің "жеке аспазы" АҚШ санкциясына ұшырады

© Sputnik / Алексей Дружинин
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Путиннің "жеке аспазы" ресторатор Евгений Пригожин АҚШ-та "Ресей үкіметіне қолдау көрсеткені үшін" айыпталды.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. БАҚ президент Владимир Путиннің жеке аспазы деп атап кеткен ресейлік бизнесмен Евгений Пригожин Ресей үкіметіне қолдау көрсеткені үшін АҚШ қаржы министрлігінің санкциялық тізіміне енгізілді деп хабарлайды РИА Новости.

Пригожин — "Конкорд Менеджмент и Консалтинг" ЖШҚ басшысы. Бұл компания ресейлік лауазымды тұлғаларға арналған салтанатты кештердің ұйымдастырушысы болған.

"Шетелде активтерім жоқ, Ресей аумағында демаламын, Америка мен Еуропаға еш қатысым жоқ, сол себепті маған бәрі бір", — деді Пригожин.