04:19 20 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Ұшақ

Ресейде құлаған Ту-154 ұшағының сынықтары табылды

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Қара теңіздегі Ту-154 апаты (8)
33 0 0

Жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бөліктері Сочидің Қара теңіз жағалауынан 1,5 шақырымдай қашықтықта табылды

АСТАНА, 25 жел — Sputnik. Жоғалып кеткен Ту-154 ұшағының бөліктері Сочиде Қара теңіз жағалауынан бір жарым шақырымдай қашықтықта, 50-70 метр тереңдікте табылды деп хабарлайды РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Сочи қаласының Қара теңіз жағалауынан 1,5 километрдей қашықтықта 50-70 метр тереңдікте Қорғаныс министрлігі Ту-154 ұшағының бөліктері табылды", — делінген хабарламада.

Сириядағы Латакия қаласына ұшып бара жатқан ұшақтың бортында сегіз экипаж мүшесі мен 83 жолаушы болған, олардың арасында Қорғаныс министрлігі Александров атындағы ән және би ансамбілінің әртістері мен "Первый" және "Звезда" телеарналарының тоғыз тілшісі болған.

Тақырып:
Қара теңіздегі Ту-154 апаты (8)

Басты тақырыптар