08:07 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Ту-154 ұшағы апатқа ұшыраған жердегі іздеу-құтқару жұмыстары

Қара теңізде апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының бірінші "қара жәшігі" табылды

© Foto: МЧС РФ
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
Қара теңіздегі Ту-154 апаты (8)
15 0 0

Іздеушілер апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының өздігінен жазатын құралдарының бірін тауып, жағаға алып шықты

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қара теңізде апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының бірінші "қара жәшігі" табылды деп хабарлады қарулы күштер құрылымындағы дереккөз РИА Новости агенттігіне.

"Сағат 8:48-де Ту-154 ұшағының "қара жәшігі" табылып, жағаға шығарылды", — деді агенттікке сұхбат беруші.

РФ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні таңертең Ту-154 ұшағының радардан жоғалып кеткендігін хабарлаған еді. Қорғаныс министрлігі ұшақтың сынықтары Қара теңіз жағалауынан 1,5 километр қашықтықта, 50-70 метр тереңдікте табылғандығын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев
© Foto: Официальный сайт президента Республики Казахстан

 Әскери ведомствоның берген мәліметінше, ұшақтың бортында 93 адам болған – сегіз экипаж мүшелері мен 85 жолаушылар, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына бара жатқан. Сонымен қатар, жолаушылар арасында Ресей БАҚ-ның тоғыз өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған. Борта қызметкерлерінің болғандығын Первый канал, НТВ және "Звезда" хабарлады. 

Тақырып:
Қара теңіздегі Ту-154 апаты (8)

Басты тақырыптар