09:59 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
Ту-154 ұшақтарына техникалық қызмет көрсету

Ресейде Ту-154 типіндегі барлық ұшақтардың ұшуы тоқтатылды

© Sputnik / Роман Сапоньков
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
501

Ресейде Қара теңіздің үстінде әуе кемесінің апаты себептері анықталғанға дейін Ту-154 типіндегі ұшақтарды пайдалану тоқтатылды

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Ресейде Қара теңіздің үстінде әуе кемесінің апаты себептері анықталғанға дейін  Ту-154 типіндегі барлық ұшақтардың ұшуы тоқтатылды, деп хабарлады РИА Новости/Прайм РФ Қарулы күштерінің авиация ұшуларының қауіпсіздік қызметінің бастығы Сергей Байнетовқа сілтеме жасай отырып. 

"Қазір комиссияның  алдын ала тұжырымдары жасалмай ұшақтардың бұл типтерінің ұшулары тоқтатылды", — деді ол. 

РФ Қорғаныс министрлігі жексенбі күні таңертең Ту-154 ұшағының радардан жоғалып кеткендігін хабарлаған еді. Әскери ведомствоның берген мәліметінше, ұшақтың бортында 93 адам болған – сегіз экипаж мүшелері мен 85 жолаушылар, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына бара жатқан. Сонымен қатар, жолаушылар арасында Ресей БАҚ-ның тоғыз өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған.


Басты тақырыптар