Әлем

БАҚ: Санкт-Петербург метросында жарылыс болды

© Sputnik / Игорь Руссак / Медиабанкке өтуВ метро Санкт-Петербурга, архивное фото
В метро Санкт-Петербурга, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс себебі әзірге белгісіз

АСТАНА, 3 сәу – Sputnik. Санкт-Петербург метросында жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости «Россия 24» телеарнасындағы жүгірпе жолдағы мәтінге сілтеме жасай отырып. 

"Санкт-Петербург метросының көк тармағында жарылыс болды. "Сенная площадь" метро станциясы қатты түтенген", — деп келтіреді РИА Новости мәтінді. 

РИА Новостидің Санкт-Петербург құқық қорғау органдарындағы дереккөзінің ақпаратына сәйкес, "Сенная" станциясындағы пойыз вагонында болған жарылыстың құрбандары бар. 

"Онда вагондардың бірінде жарылыс болды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар бар. Бұдан бөлек құтқарушылар мен өрт сөндірушілер "Технологический институт" станциясына шақырылды. Пойыздардың қозғалысы бүкіл тармақ бойынша тоқтатылды", — деді агенттікпен әңгімелесуші. 


Жаңалықтар
0