Әлем

Мәскеуде екі жолаушылар пойызы соқтығысты

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуМәскеуде екі жолаушылар пойызы соқтығысты
Мәскеуде екі жолаушылар пойызы соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, ондаған адамдар зардап шекті

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Мәскеуде электр пойызы жолаушылар пойызымен соқтығысып, 50 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.

Сенбі күні мәскеу уақытымен сағат 22.16-да (Астана уақытымен жексенбі сағат 01.16) Мәскеу-Усово электр пойызының машинисті жолдан адамды байқағандықтан, бірден тежеуіш басып тоқтаған. Бұл ретте тежеуіш жүйесі ақаудан шығып, электр пойызы артқа сырғып аралықта тұрған Мәскеу-Брест қатынасындағы жолаушылар пойызымен соқтығысты.

Соққыдан кейін электр пойызының екі вагоны рельстен шығып кетеді. 50 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

"Ресей темір жолдары" президенті Олег Белозеров демалысын үзіп, пойыз бен электр пойызының соқтығысуына байланысты құрылған шұғыл штабты басқарды.

Жаңалықтар
0