АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Челябинскіде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары барысында өтетін "Опорный край державы" көрмесіне ежелгі көліктің үлкен макеті қойылады, деп жазады "Губерния – Южный Урал" желілік басылымы.
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік басшылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин – Ресей-Қазақстан форумы аясында көрмені араламақшы.
Макетті Оңтүстік Орал және Солтүстік Қазақстан аумағында жүргізілген археологиялық зерттеу материалдарына сүйене отырып, үш ай бұрын осы көрме үшін арнайы жасаған.
Арба ағаштың бірнеше түрінен, ежелгі әдіс арқылы құрастырылған әрі жасалуына бірде-бір шеге жұмсалмапты.
Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы XIV форумы 9 қарашада Челябинскіде басталады. Челябинск ауданы Қазақстанмен тауар айналымы көлемі бойынша Ресей өңірлері арасында екінші орынға ие.