Әлем

Ресейде президент сайлауы кезінде теракт жасамақ болған содырдың көзі жойылды

© AFP 2024 / Аmep AlmohibanyСодыр
Содыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарулы террорист ұсталған кезде қарсылық көрсетті

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Нижний Новгород қаласында президент сайлауы күні теракт жасамақ болған "Ислам мемлекеті" (Қазақстан және Ресей аумағында тыйым салынған террорлық ұйым) содырының көзі жойылды, деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап.

Теракт болған Мысырдағы мешіт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мысыр мешітіндегі теракт: қанды қырғын болған жерден суреттер жарияланды

Қылмыскер ұсталған кезде қарулы қарсылық көрсетіпті. Террористтен қолдан жасалған қуатты бомба, тағы бірнеше жарылғыш құрылғы жасауға қажетті бөлшектер, оқ ататын қару мен оқ-дәрі табылған.

Содыр Таяудағы шетел азаматы екен.

Ресейде президент сайлауы 2018  жылы  18 наурызда өтеді.


Жаңалықтар
0