Әлем

Жүргізуші мерекелік отшашуға қараймын деп адамдарды басып кетті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік бір топ адамды қағып кетті – үш жасар сәби көз жұмған

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Новосібір қаласында автокөлік тротуарда тұрған адамдарды қағып кетті. Салдарынан екі кісі қаза тапқан, бастапқы мәлімет бойынша, біреуі – үш жастағы бала. Тағы үш адам әртүрлі жарақат алыпты.

Мельбурнде джип бір топ адамды басып өтті - Sputnik Қазақстан
Әлем
Мельбурнде джип бір топ адамды басып өтті: 19 адам зардап шекті

"Новосібірде Лыщинский алаңы маңында Honda CR-V жаяу жүргіншілерді басып кетті. Жаяу жүргіншілер тротуармен келе жатқан. Бастапқы себептер бойынша, ер адам рөлге ие бола алмай, тротуарға шығып кеткен",  — деп хабарлады Ресей ІІМ өңірлік басқармасының өкілі РИА Новости агенттігіне.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Желіде куәгерлердің жазуынша, жүргізуші Отан қорғаушылар күні құрметіне ұйымдастырылған отшашуға қарап қалған көрінеді.

Жаңалықтар
0