Әлем

Елбасы Сириядағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАн-26 ұшағы
Ан-26 ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдап, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев Иран президентіне әуе апатына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", – делінген жеделхатта.

Әуе апаты 6 наурызда кешке болған. Ан-26 қону жолағына 500 метрдей қалғанда жерге құлаған. 39 әскери қызметкер ажал құшты. Әуе апатының себебі, бастапқы деректер бойынша, техникалық ақау болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0