10:38 16 Қаңтар 2019
Тікелей эфир
  • USD377.85
  • EUR432.00
  • RUB5.63
Сәби

Қылмыстық іс: медбике ата-анасы тастап кеткен сәбиді ұрып-соқты

CC0 / bingngu93
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
132 0 0

Бұдан бұрын анонимдік Тelegram-арналары мен кейбір БАҚ-тарда әйелдің балаға жәбір көрсеткені түсірілген видео пайда болған

АСТАНА, 9 сәуір — Sputnik. Новосібір тергеушілері қала ауруханаларының бірінде нәрестеге зорлық-зомбылық көрсеткен медбике туралы ақпарат шыққан соң қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды өңірдің тергеу басқармасы.

"Тергеу мәліметіне сүйенсек, былтыр қалалық ауруханаға Новосібір қаласы перзентханаларының бірінен жаңа туған нәресте емделуге жіберілген. Биыл сәуірде науқастардың бірі медбикенің баланы қарап жатып, аяусыз ұрып-соққан сәтін ұялы телефонға түсіріп алыпты", — деп хабарлады Новосібір Тергеу комитетінің баспасөз қызметі. 

Қазір тергеушілер оқиғаның мән-жайын білу үшін шара қолданып жатыр. 

Аталмыш видео Тelegram-арналар мен БАҚ көздерінде пайда болған. Видеоның астында жазылғандай, ата-анасы тастап кеткен балаларға қарайтын медбике сегіз айлық сәбиді ЭКГ процедурасы кезінде лақтырып жіберіпті, палатадан үнемі баланың жылаған үні мен шапалақ дыбыстары естіліп жатады екен.

Кілт сөздер:
зорлық-зомбылық, медбике, сәби, Новосібір
Загрузка...

Басты тақырыптар