Әлем

Аман Төлеев Кузбасс парламентінің спикері болды

Жазылу
Аман Төлеевке облыстық кеңес депутаттарының барлығы дерлік дауыс берді

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Ресейдің Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев өңір парламентінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлады РИА Новости. 

Аман Төлеев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Отставкаға кеткен Төлеев резиденциясы мен ай сайынғы төлемақысын сақтап қалады

Төлеевтің кандидатурасын Кузбасс халықтық депутаттар кеңесі бірауыздан (39 адамның 38-і қолдап дауыс берген) қолдаған.  

Бұған дейін хабарланғандай, Аман Төлеев Кемерово қаласында "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығындағы өрттен 64 адам қаза болғаннан кейін Кузбасс басшысы лауазымынан кеткен болатын.  

Отставкадан кейін Төлеев депутат мандатын алды, ал облыстық кеңестің басшысы Алексей Синицин Аман Төлеевке өз орнын босатып беруге шешім қабылдады.  


Жаңалықтар
0