11:52 23 Сәуір 2018
Тікелей эфир
Twitter

Ресейлік депутат АҚШ санкцияларынан кейін iPad-ын таптап тастады

© Sputnik / Александр Кряжев
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
121 0 0

Ресей депутаты атап өткендей, америкалық тауарларға тыйым салу жоспарланып отырғандықтан, халық қалаулылары елге үлгі көрсетуі тиіс

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Ярославль муниципалитетінің депутаты Дмитрий Петровский америкалық санкцияларға жауап ретінде өзінің iPad-ын таптап тастады.

Facebook парақшасында жариялаған видеода ол iPad-тың үстіне шығып, аяғымен таптап жатыр.

"Елімізде америкалық тауарларға тыйым салмақшы – біз, депутаттар, үлгі болуға тиіспіз", — дейді Петровский әлеуметтік желі қолданушыларына. 

Оның айтуынша, енді Қытай өндірген телефон мен планшетті пайдаланады.

Әлеуметтік желі қолданушылары оған америкалық Facebook желісінен де шығып кетуге кеңес берді.

Кілт сөздер:
iPad, планшет, АҚШ санкциялары, Ресей

Басты тақырыптар