11:15 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Қыз

Жас жігіт төрт жасар өгей қызын аяусыз соққыға жықты

CC0
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
151 0 0

Қазір ер адам қамауда отыр. Зардап шеккен бүлдіршін ауруханада

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Красноярск қаласында төрт жасар қызды аяусыз соққыға жықты деген күдікпен 20 жастағы жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ресейдің Тергеу комитеті.

"Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2018 жылдың 12-13 сәуірінде күдікті төрт жастағы өгей қызын зарядтау құрылғысының сымы және белдікпен ұрып-соғып, салдарынан сәби көптеген жарақат алған", — делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, баланың анасы бұл деректі көпшілікке жария етпей, қызын үйде емдемек болған. Пәтерге барғанда, сәбиді кездейсоқ көріп қалған әйелдің танысы полицияға хабар беріпті. Қыздың анасы күдіктімен екі айдай бірге тұрған екен. 

Қазір ер адам қамауға алынды. Зардап шеккен қыз ауруханада жатыр, оның алты жастағы әпкесі әлеуметтік-бейімдеу орталығына орналастырылды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Кілт сөздер:
өгей әке, ұрып-соғу, Ресей
Загрузка...

Басты тақырыптар