Әлем

Квест ойынына қатысқан оқушының миы шайқалып, ауруханаға түсті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз қараңғы бөлмеде басын металл есікке соғып алған

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ресейдің Красноярск қаласында "Морг" деп аталатын квест ойынына қатысқан оқушы қыз ауруханаға түсті.

Зағипа Балиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Балиева: батутқа қатысты оқиғадан кейін Қазақстандағы ойын алаңдарын тексереміз

29 наурызда он төрт жастағы қыз қараңғы бөлмеде басын металл есікке соғып алған. Ауруханада оған "миы шайқалған" деп диагноз қойылды.

Красноярск өңірі бойынша РФ Тергеу комитеті органына қыз баланың жарақат алғаны туралы ақпарат 8 мамырда түскен.

"Аталған дерек бойынша тергеу алды тексеру жүріп жатыр. Қазір ұйым қызметкерлерінен, квестке қатысушылар мен жәбірленушіден жауап алып жатырмыз. Нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", — делінген ТК хабарламасында.

Жаңалықтар
0