Әлем

Бір жарым жасар сәби кір жуғыш машинадағы суға батып өлді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуКір жуғыш машинаның архивтегі фотосы
Кір жуғыш машинаның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анасы сәбиін кір жуғыш машина тұрған бөлмеде жалғыз қалдырған
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Якутияның Сунтар ауылында кішкентай қыз кір жуғыш машинадағы суға батып көз жұмды. Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды РИА Новости
Су - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атырау облысында балық аулауға барған жасөспірім суға батып кетті
"11 мамыр күні тергеу органдарына Сунтар ауылында "Фея" маркалы кір жуғыш машинадағы суға бір жарым жасар қыздың батып кеткені туралы хабарлама түсті", — делінген өңірлік тергеу комитетінің ақпарында. 
Тергеу мәліметінше, сол күні кешке сәбидің анасы кір жуып жатып, сыртқа шығып кеткен. Бір жарым жасар қызы тұрмыстық техника тұрған бөлмеде жалғыз қалыпты. Біраз уақыттан кейін бөлмеге қайтып оралған әйел машинаның суға толы багынан сәбиінің жансыз денесін көреді. 
Қазір тексеріс аясында оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0