23:03 17 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Оқушы

Оқушы қыз емтиханға кірер кезде шешінуге мәжбүр болды

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
380 0 0

Қала әкімшілігінің айтуынша, жасөспірімнен шешінуді ешкім талап етпеген

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Татарстандағы Нижнекамск қаласында оқушы қыз химия пәнінен емтихан тапсыру үшін металл іздеуші рамкадан өтер кезде іш киімін шешуге мәжбүр болған.

4 маусымда болған бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде оқушының әпкесі хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Химия пәнінен емтихан тапсырар алдында оқушылардың бәрі металл іздеуші рамкадан өтіп, әдеттегідей тексерілуі тиіс болатын. Өздерімен бірге төлқұжат, қалам, рұқсат етілген қосымша материалдар алып кіруге болады. Оқушының әпкесі айтқандай, қызды металл іздеуші өткізбей қойғандықтан, іш киімін шешуге мәжбүр болыпты. Оқушыға қысым көрсетіліп, емтихан бойы көз жасын тыя алмаған екен. 

Қала әкімшілігі хабарлағандай, оқушыны шешінуге ешкім мәжбүрлемепті. 

"Металл іздеуші рамка дабыл қағып қоймаған соң, оқушылардың бірі әжетханаға кіріп, іш киімін шешіп келіп, рамкадан өткен. Емтиханға кірер кезде ешкім одан шешінуді талап еткен жоқ", — деп мәлімдеді қалалық әкімшілік.

Татарстан білім және ғылым министрлігі білім беру саласын бақылау және қадағалау департаменті басшысы Наталья Гречанникова ұйымдастырушылардан ағат кеткенін мойындап, мемлекеттік емтихан комиссиясынан түсініктеме беруді талап етті.

Кілт сөздер:
емтихан, оқушы қыз, Татарстан
Загрузка...

Басты тақырып