13:49 25 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Жедел жәрдем

Катамаран мен жүк кемесі соқтығысып, он адам ажал құшты

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
336 0 0

Бастапқы деректерге сүйенсек, катамаранда 16 адам болған, бесеуі ауруханада жатыр

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Ресейдің Волгоград қаласында катамаран мен баржа соқтығысып, салдарынан он адам қаза тапты, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдайлар қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Волга өзенінде Волгоград қаласы жанындағы Голодный аралына жақын маңда, жағалаудан бір шақырымдай жерде катамаран мен екі баржа тіркелген жүк кемесі соқтығысып, катамаран аударылып қалды. Катамаранда кем дегенде 16 адам болған, деп жазады РИА Новости.

"Волгоградта катамаран мен баржа соқтығысып он адам қаза тапты, бесеуі құтқарылды, біреуі әлі табылған жоқ", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Үш ер адам мен екі әйел адам ауруханада жатыр. Жағдайлары бір қалыпты.

Волгоград облысы губернаторы Андрей Бочаровтың сөзіне сүйенсек, іздеу-құтқару шаралары барысында қаза тапқан он адам табылды, біреуі жоғалып кеткен, кім екендері анықталып жатыр.

Ресейдің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Кілт сөздер:
төтенше жағдай, катамаран, жүк кемесі

Басты тақырыптар