11:13 24 Мамыр 2019
Тікелей эфир
  • USD378.01
  • EUR420.88
  • RUB5.84
Ер адам қызды қылқындырып жатыр

Еттартқыштан өткізіп, өзенге тастаған: ер адам ашынасын аяусыз өлтірді

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1735 0 0

Жас әйел жоғалып кеткеннен кейін екі апта өткен соң жергілікті тұрғын оны өлтіргенін мойындады

АСТАНА, 6 тамыз — Sputnik. Ресейдің Губаха қаласында тұратын 27 жастағы Татьяна Мелехина 22 шілдеде жоғалып кеткен. Содан бері екі апта өткен соң, жергілікті тұрғын ашынасын өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды life.ru.

Мелехина Пермь қаласына көшіп, сонда жұмыс істеуді жоспарлап жүріпті. 36 жастағы "досы" Дмитрий Зеленский әйелге қол ұшын беріп, апарып салмақ болған екен. Содан бері Татьяна ізім-ғайым жоғалады.

Арада екі апта өткен соң еріктілер іздеуді тоқтатқанын мәлімдеді. Өйткені Зеленский жас әйелді өлтіргенін мойындапты.

Қылмыскердің өзі айтқандай, әуелі әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп, еттартқыштан өткізген. Кейін біраз бөлігін өзенге лақтырып, қалғанын унитазға тастап, ағызып жіберіпті.

Ер адамның қылмыс жасауына не түрткі болғаны жарияланған жоқ. Алайда Татьянаның әкесі айтқандай, жігіт сүйіктісін үнемі қызғанып жүреді екен. Ал өзі болса үйленген, кішкентай қызы бар көрінеді. 

Қазір де күдікті ұсталған. Тергеу комитеті істің мән-жайын анықтап жатыр.

Семей тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады

Әйелі күйеуінің ашынасын ұрып-соқты — видео

Тақырып бойынша

Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң буындырып өлтірді
Қостанайда Дарья Махартованы өлтірді деген күдікті ұсталды
Ақмола облысында ақсақал ұлын немерелерінің көз алдында пышақтап өлтірді
Қалыңдық жігітін бұрынғы қызын тойына шақырғаны үшін айуандықпен өлтірді
Кілт сөздер:
ер адам, ашына, тергеу амалдары, қылмыс, кісі өлтіру, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып