Әлем

Иосиф Кобзон қайтыс болды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуИосиф Кобзон
Иосиф Кобзон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін шілде айында белгілі әртіс Мәскеудегі онкологиялық орталыққа жатқызылғаны хабарланған болатын

АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. КСРО халық әртісі және Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзонның өлімі жайында ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Атап айтқанда, суыт хабар "Ресей 1" және "Ресей 24" телеарналарында тарады.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Өлімге құштарлық". Адам өмірден өтетін күнін өзі таңдайтыны рас па?

Қазіргі таңда 80 жастағы әртістің қайтыс болғаны ресми түрде расталған жоқ, алайда журналистер дереккөздерге сілтеме жасап отыр.

Иосиф Кобзон қандай дертке шалдыққан еді?

Шілде айының соңында БАҚ-та Кобзонның ауыр хәлде ауруханаға түскені хабарланған еді. Мәскеу онкологиялық орталығына 20 шілдеде жатқызылды.

Кейінірек тілшілер хабарлағандай, әнші комаға түсті, бірақ әпкесі Гелена Кандель бұл ақпаратты теріске шығарған.

Кобзонның сырқаты 2005 жылы басталды. Дәрігерлер қуығы мен қатерлі ісікті ота жасап алып, кейінірек әнші сепсис және команы бастан кешті.

2010 жылы қазанда 73 жастағы Кобзон Астанада әлемдік рухани мәдениет форумында ән шырқап тұрып екі рет есінен танып қалды. Дәрігерлер сахна үстінде әншіге алғашқы көмек көрсеткен болатын. Әртіс қатерлі ісік салдарынан, қан аздық ауруына ұшырап, сахнада талып қалса керек.

Жаңалықтар
0