Әлем

Белгілі актер жасөспірімді азғындағаны үшін қамауға алынды

© AP Photo / Martha IrvineКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік "Глухарь" телехикаясының актері кәмелеттік жасқа толмаған балаға порнографиялық суреттер жіберген

АСТАНА, 4 қазан — Sputnik. Мәскеудің соты кәмелеттік жасқа толмаған баланы азғындағаны үшін ұсталған Михаил Фатеевті қамауға алуға шешім шығарды.

қолына кісен салынған азамат - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды

"Сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу туралы тергеушінің өтінішін қанағаттандырды", — деп хабарлады соттың баспасөз хатшысы Дарья Галкина РИА Новости агенттігіне.

Дереккөздің мәліметінше, 44 жастағы Михаил Фатеев "2018 жылдың шілде айында ұялы телефонмен интернет арқылы кәмелеттік жасқа толмаған баламен интимдік сипатта сөйлесіп, кездесуге ұсыныс жасап, порнографиялық суреттер жібергені үшін" ұсталған болатын. "Азғындау және порнографиялық материалдарды тарату" баптары бойынша іс қозғалды.

Фатеев — Роман Виктюк театрының актері, 36 фильмге түскен: "Марш Турецкого", "Диверсант", "Глухарь" және т.б.

Жаңалықтар
0