Әлем

Кеше түнде танымал рэпер соққыға жығылды

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнгі клубта қонақтар арасында жанжалдан кейін музыкант полицияға арыз берген

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Мәскеу қаласында жексенбіге қараған түні Гуф деген атпен танымал рэпер Алексей Долматовты сабап кетті.

Жолаушылар - Sputnik Қазақстан
Танымал актер мас күйінде ұшақта жанжал шығарды - видео

112 Тelegram арнасы хабарлағандай, оқиға Мәскеу түнгі клубтарының бірінде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Гуф би алаңында белгісіз бір ер адаммен төбелесіп, арты қонақтардың жанжалына ұласқан.

Қазір Мәскеу полициясы Гуф-тың арызы бойынша тексеру жүргізіп жатыр, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Алексей Долматовтың өзі ол адамды танымайды. Долматовқа қолдау көрсетуге полиция бөліміне  "А-Студио" тобының әншісі, рэпердің құрбысы Кэти Топурия келді.

Алексей Долматов Гуф деген атпен 2000 жылдан бері сахнада өнер көрсетіп келеді.

Биыл наурызда Гуф Ақтау қаласында концерт қойды. Ресейлік әртістің пікірінше, қазақстандық тыңдармандар дұрыс қошемет көсетпейді, музыкадан гөрі сэлфи жасап, қолтаңба алуға құмар.

Жаңалықтар
0