Әлем

Тікелей эфирде соққыға жығылған журналист өз-өзіне қол жұмсады

© Photo : Pixabay / Gerd AltmannЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 жастағы Развозжаев 2016 жылдан бері НТВ арнасында жұмыс істеп жүрген еді

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. "НТВ" телеарнасының журналисі Никита Развозжаев Мәскеуде өз-өзіне қол салды.

Тілші жақындары мен әріптестерімен қоштасып, әлеуметтік желідегі парақшасына хат қалдырған екен.

Жиырма бес жастағы Развозжаев "Үміттеріңізді ақтай алмадым" деп, ата-анасынан кешірім сұрады.

Әріптестері болған оқиғаны зор күйзеліспен қабылдап, марқұмның отбасына көңіл айтты.

Былтыр Никита Развозжаев , бүкіл елге танылған болатын. Журналист Горький саябағында десантшылар күнін тойлау туралы репортаж беріп тұрған сәтте мас ер адам бір-ақ ұрған.

Развозжаев 1993 жылы Саратов қаласында дүниеге келді, журналистика институтын тәмамдаған. 2016 жылдың соңынан бері "НТВ" арнасындағы "Чрезвычайное происшествие" бағдарламасын жүргізген.

Жаңалықтар
0