06:55 14 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.52
  • EUR429.21
  • RUB6.07
Сәби

Жарты сағатқа дүкенге кірген әйел шекесі торсықтай ұл дүниеге әкелді

CC0 / Harald_Landsrath
Ресейде
Қысқа сілтеме алу
1209 0 0

Кассада тұрғанда толғағы басталған әйел адам 11 минутта босанды

АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Ресейдің Омбы өңірінде супермаркетке кірген әйелдің аяқ асты толғағы қысып, босанып қалды, деп жазады Mirror.

28 жастағы әйел кассирге толғағы басталғанын айтып, 11 минут ішінде Иван есімді ұлды дүниеге әкелді. 35 жастағы кассир Елена Барсукова акушердің рөлін атқарып, оған қасындағы әріптесі мен екі тұтынушы көмектескен.

Әйелдің толғағы қысқанын естіген бойда кассир әуелі жедел жәрдем шақырады, бірақ сәби дәрігерлер келгенше туған екен. Кейін жедел жәрдем анасы мен жаңа туған нәрестені алып кетті. Жас босанған ана дүкенде небәрі 25 минут қана болыпты. 

Салмағы үш жарым келі ер баланың дені сау, анасы екеуі перзентханадан шыққан. Басылымның жазуынша, бұл әйелдің алтыншы баласы екен.

Тақырып бойынша

Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты
Әйел төртінші сәбиіне жүкті екенін босанып жатып білген
Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатар жүкті болып қалды
Ауылда тұратын қырық жастағы әйел 44-ші баласын босанды
Астаналық дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегіне ота жасады
Босанып жатқан әйел күйеуімен бірге ән айтып, жұртты таңғалдырды – видео
Кілт сөздер:
босану, супермаркет, нәресте, видео, жүкті әйел, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып