Әлем

Ішкі істер департаментінің қызметкері 19 әйелді өлтіріп, мәйітін қорлаған

© AFP 2024 / Sandor GemesРесми құжат, архивтегі фото
Ресми құжат, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жезөкшелерді зорлап, одан соң өлтірген милиционер қайтадан өмірлік түрме жазасына кесілді

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Ресейде Новосибирск облыстық соты бұрынғы милиционер Евгений Чуплинскийді 19 әйелді өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды.  

Ресейдің Жоғарғы соты алғашқы үкімнің күшін 11 қыркүйекте жойған еді. Сот үкім шығарған уақытта қылмыс мерзімі өтіп кеткені ескерілмеген деп есептеген. Өйткені қылмыстардың бірқатары 1990-жылдары және 2000-жылдардың басында жасалған. Өмірлік түрме жазасы оған 6 наурызда шығарылған еді. Ақпанның аяғында алқа билер соты Чуплинскийді кінәлі деп таныған.

Сотталушыларға арналған тордағы адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Фермерді өлтіріп, мәйітін шошқаға жегізген қазақстандық сотталды

Тергеу Чуплинскийді 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын анықтаған. Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған, деп хабарлады centralasian.org. 

Тергеу мәліметі бойынша, ол жезөкшелерді зорлап, одан соң оларды өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта жасаған қылмыстарын мойындап, тергеумен келісімге отырған. Қылмыс болған орындарға барып, әйелдерді қалай өлтіргенін баяндап берген. Чуплинский психологиялық сараптамадан өткен. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының әйелі мен балалары бұл қаладан көшіп кетуге мәжбүр болған.


Жаңалықтар
0