Әлем

Ресейде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар тәжіктермен төбелесті

© Sputnik / Табылды Кадырбековтөбелес
төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаппай төбелес жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болған

АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Ресейде газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында Қазақстан мен Тәжікстан жұмысшыларының арасында жаппай төбелес шықты.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Әлем
Автобус ішіндегі төбелес 13 адамның өліміне алып келді - видео
Оқиға 22 қарашада болған. Ресей билігі республика азаматтарының төбелеске қатысқаны туралы Қазақстанды құлағдар етті, деп хабарлайды РенТВ.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың айтуынша, екі елдің азаматтарының арасында болған жанжалдың себебін жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Қазіргі уақытта төбелесте екі адамның зардап шекені, олардың біреуінің ауруханаға түскені белгілі.

Жанжал шығарғандар анықталды, тергеу нәтижесі бойынша оларға қатысты шара қолданылады. Кейбіреуі Ресей аумағынан шығарылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Жаңалықтар
0